Ақмола обласы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімнің жанындағы Ерейментау қаласының  «Сказка» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Ясли - сад "Сказка" города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау қызметтері

02.06.2023

қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.

2. Бөбекжайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға айқындалады, оның негізгі міндеті осы ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға балабақша басшысының шешімімен айқындалады.

 2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің мәртебесі

 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттігін атқарушы органға, Бөбекжайдың лауазымды адамдарына қарамастан жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган көрсетеді.

6. Егер заңда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл саласындағы халықаралық стандарттарда осы Үлгілік ережеде көзделмеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленген жағдайда, бұл талаптар мен тәсілдерді Бөбекжайның басшысы бекітеді.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты Бөбекжай қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

 8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:

1) бөбекжай мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;

2) бөбекжайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;

3) балабақшада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

5) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

9. Балабақша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;

2) басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін тұрақты арттыру.

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары:

1) Бөбекжайдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылының ішкі саясатын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

2) Бөбекжай қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді;

3) бөбекжайдағы мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясатын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу;

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ісшаралардың ішкі жоспарын әзірлеу;

6) Бөбекжай қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжатты әзірлеуді қамтамасыз етеді;

7) корпоративтік әдеп және мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжатты әзірлеу;

8) Балабақшадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

9) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес бөбекжай қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;

10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін бөбекжай қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;

11) бөбекжайда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингін және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асырады;

12) бөбекжайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді; 13) бөбекжай қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;

14) бөбекжай қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді; 15) бөбекжай ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;

17) құрылымдық бөлімшелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді; 18) мүдделер қақтығысын, оның ішінде бөбекжайды жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерінде анықтау, мониторингтеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

19) бөбекжайға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және/немесе оларға қатысады;

 20) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге, бөбекжайдағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасына мониторинг пен талдау жүргізеді;

21) бөбекжайы басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, бөбекжайдың қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;

22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, бөбекжай, қоғамдық бірлестіктермен, сондайақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің құқықтары

 1) бөбекжайдың құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұратады және алады; 2) өз құзыретіне жататын мәселелерді квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысының қарауына шығаруға бастамашылық жасайды;

3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;

4) бөбекжай басшыларынан және басқа да қызметкерлерден қызметтік тергептексеру шеңберінде жазбаша түсініктемелер беруді талап етеді;

5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

6) Өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;

7) бөбекжай қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы бөбекжайға хабарлауы не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бөбекжайға ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады;

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттері

1) бөбекжай және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сақтайды;

 2) сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері бойынша өзге де ішкі құжаттарды бұзушылықтар бойынша бөбекжайға жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

3) бөбекжайы басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді; 4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізеді;

5) бөбекжайдың белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;

6) қызметтік және кәсіптік этиканы сақтайды.

 4-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі

13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Бөбекжайда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша ақпаратты тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша қосымша ақпарат бөбекжайға жіберіледі.

 14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет бөбекжайы басшысына мерзімді түрде есеп береді.

Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст