Ақмола обласы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімнің жанындағы Ерейментау қаласының  «Сказка» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Ясли - сад "Сказка" города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Сказка» бөбекжайындағы жарқын жаз

15.07.2026

Жазғы сауықтыру кезеңі – балалар үшін қызықты демалыс, жаңа әсерлер мен шығармашылыққа толы уақыт. Осыған орай «Жұлдызшалар» тобында тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының қатысуымен түрлі танымдық, шығармашылық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл шаралар балалардың жан-жақты дамуына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға бағытталған.

2026 жылы шілде айында жазғы-сауықтыру науқаны аясында өткен іс-шаралардың бірі – «Әкем, анам және мен – тату-тәтті отбасы» атты отбасылық байқау болды. Байқауға ата-аналар мен балалар белсене қатысып, ұйымшылдықтарын, бір-біріне деген қолдауы мен сыйластығын көрсетті. Қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындап, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге бөленді.

Сонымен қатар «Анамның суретін саламын» тақырыбында сурет салу сағаты өткізілді. Бүлдіршіндер өздерінің сүйікті аналарына деген ыстық ықыласын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

«Біз күнге қуанамыз» атты сурет байқауы да балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар түрлі түсті бояулар мен қарындаштардың көмегімен шуақты жазды, табиғаттың әсемдігін және өздерінің көтеріңкі көңіл күйлерін қағаз бетіне түсірді. Әрбір жұмыс балғын қиял мен шығармашылықтың көрінісі болды.

Осындай іс-шаралар тәрбиеленушілердің жазғы демалысын мазмұнды әрі қызықты өткізуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.

Просмотров: 1447


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст