Текст
20 қазан күні «Сказка» бөбекжайы-бақшасында «Республика күні» мерекесіне орай «Республика-біздің мақтанышымыз» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке «Ботақан» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері және олардың ата-аналары қатысты. Мерекелік ертеңгілікте бүлдіршіндер ән айтып, тақпақтарын айтты. Сонымен қатар ұл балалар қазақша нақышта «Батырлар» биін билеп, қыз балалар «Қамажай» биін билеп берді. Ертеңгіліктің мақсаты: өскелең ұрпақты өз елінің патриоты ретінде тәрбилеу, өз елінің, тілінің, Республикасының жанашыры болуға тәрбиелеу.